Енді әуежайлардағы қандай қызмет қымбаттайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді әуежайлардағы қандай қызмет қымбаттайды?

29.04.2018

Қазір Қазақстанда ірілі-ұсақты 20-дан астам әуежай бар. Соларға өткен жылдың желтоқсанында тықыр таянды. Халықаралық әуе көліктері қауымдастығының Орталық Азия аймағы бойынша менеджері біздің тарапты іреп салды.

Джордан Карамалаков «қазақстандық әуежайлар халықаралық талаптарға бағынбай кетті», - деді. «Ұшақтарға тұрақ бергені үшін, ұшып-қонғаны үшін, қауіпсіздігі үшін ақы алатын еліміздің әуежайлары бағаны аспаннан алып қоя салады», дегенді де айтты. «Мұны дереу реттемесе, әлемнің ең ірі әуе компаниялары Қазақстанға ұшпайды», деп ескертті. Біздің әуежайлардың басшылары «бағаны көтермесе болмайды, онсызда шаш етектен шығынға батып жатырмыз», деп жауап берді. Бұл дауға әлі нүкте қойылған жоқ.

Әрине Қазақстандағы әуежайларды Сингапурдың Чангиімен салыстыруға келмейді. Ол жақта жолаушылар үшін шатырда хауыз қойылған, қысқы оранжерея, мың көбелекті тамашалауға мүмкіндік беретін бау, мұражай, кинотеатр, монша секілді жанға жайлының бәрі орналасқан.

Ал, биыл ең нашар әуежай ретінде Нигерияның «Port Harcout»-ты аталды. Онда мүлдем отырғыш жоқ, жолаушылар жерге ғана жайғаса алады. Салқындатқыш атымен жоқ, ерлер мен әйелдердің әжетханалары бірге. Ол аз десеңіз, әуежайларының төбесі жұқа резіңкемен жабылған. Тиісінше іші қайнап тұрады. Бұдан соң еліміздегі  әуежайлар жақсы екен дейсің. Бірақ, қарапайым елге әуежайларымыздың  қызметі мен ондағы ас-судың қымбат екені жасырын емес. Осы тақырыптың түйінін Гүлжазира Ғалиқызы тарқатады.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу