«Таңшолпан». Ертең Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің «50 жыл бірге» концерті өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ертең Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің «50 жыл бірге» концерті өтеді (ВИДЕО)

03.10.2017

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамбліне биыл 50 жыл. Осыған орай ертең Алматы қаласында ансамбльдің «50 жыл бірге» атты мерекелік концерті өтеді.

Сондай-ақ, ансамбль мүшелері студия қонағы болды.

«Бұл концертке дайындалып жатқанымызға бірнеше ай болды. Өте күрделі де, маңызды концерт болады.

50 жыл бойы береке, ынтымақты жоғалтпай, дос болудың сырын журналистер жиі сұрайды. Бұл күрделі сұрақ. Біздің тобымыз, достығымыз студенттік шақтан басталды. Екіншіден – көрерменнің махаббаты.

Концертімізді Астанада бастауға болатын еді. Бірақ отбасымыз, жұмысымыз Алматыда, топ та осында пайда болды. Концертпен бүкіл Қазақстанды аралаймыз. Одан басқа шетелге шығу жоспарланып отыр», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу