Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы «Таңшолпанның» төрінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы «Таңшолпанның» төрінде

23.04.2018

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы студия қонағы болды. Жазушы қазақтың салт-дәстүрлері туралы сөз қозғады.

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Үрімші қаласында ұстаздық етті. «Шыңжаң жастар-өрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды.

«Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Қазақ ырымдары» атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Одан басқа «Сөз саралау өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабы, «Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі, «Қазақ кәделері», «Асыл қазына», «Қазақтың түс жоруы» атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу