«Шетелдегі қазақ тұлғалары» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шетелдегі қазақ тұлғалары» атты кітап жарық көрді

09.01.2019

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлы дала тұлғалары мәселесін көтерген болатын. Жуырда жазушы, этнограф Болат Бопайұлы мен ақын, журналист Тұрсынбек Кешубайұлының бірлескен «Шетелдегі қазақ тұлғалары» атты кітабі жарық көрді.

Болат Бопайұлы мен Тұрсынбек Кешубайұлы «Tansholpan»-ның қонағы болып, қазақтың аты аталмай, ұмытылып кеткен дара тұлғалары туралы еңбектерін ұсынып, оның ерекшелігі туралы айтып өтті.

 

«Бұл кітап жазу туралы ой бұрыннан болған. Ғылым академиясы үш тарихи энциклопедия шығармақшы болды. Оның ішінде - шетелдегі қазақ тұлғалары туралы кітап. Биыл кітаптың бірінші томы жарық көрді. Алдағы уақытта тағы екі томы шығады.

Бұл кітап үш ғасырдан бері қарай ұмыт болып кеткен, еңбектеріжарық көрмей қалған тұлғалар туралы. Бізге шетте қалған, ұмыт болған қазақазаматтарының өмірбаяндық рухын тану керек. Бір қиындығы - материал алу өтеқиын. Әйтсе де, көп жұмыс жасалды.

Бірінші томда марқұм болып кеткен тұлғалар туралы ақпаратқамтылған. Екінші томда осы замандағы тұлғалардың еңбектері жарық көреді», -дейді Болат Бопайұлы.

 

«Мысалы, Қытай өңірінде өмір сүрген Оспан батыр, басқа дақоғам қайраткерлері туралы көп адам біле бермейді. Кітапқа бірнеше тың еңбектеренді. Сондай-ақ, бұл еңбекте әнші, сазгер,палуандар да бар», - дейді Тұрсынбек Кешубайұлы.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

 

Хабарламаларға жазылу