Әскери кафедра қажетті мамандарды даярлай ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери кафедра қажетті мамандарды даярлай ала ма?

08.11.2015
Әскери кафедра қажетті мамандарды даярлай ала ма?

Университет түлектеріне әрбір егеменді елдің азаматы үшін негізгі мамандық - Отан қорғаушы мамандығын беретін әскери кафедраның (әскери істері институтының) Қазақ Ұлттық техникалық университеті ондаған кафедралары мен факультеттерінің арасында алатын орны ерекше.

Әскери кафедраның құрылған жылынан бері 27 мың шамасында запастағы офицерлер дайындалды.   Қазіргі таңда әскери кафедраның жүздеген түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімше командирлері және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін күшейтуде жүктелген жауапты тапсырмаларды абыроймен орындауда.

Бүгін 09:00-де «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасы әскери кафедраның бүгінгі жайына тоқталмақ.

Хабарламаларға жазылу