Ақтаудағы әскери теңізшілер флотында жаңа күштік құрылымдар пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы әскери теңізшілер флотында жаңа күштік құрылымдар пайда болды

20.09.2023

Ақтауда әскери теңізшілер флоты отандық кемелермен толығып, жаңа күштік құрылымдар пайда болды. Соның бірі – сүңгуірлер ротасы. Олар Каспий арқылы келген жауға арнайы мақсаттағы десантты-шабуылдау әскерлерімен бірге тойтарыс береді. Әскери сүңгуірлер дайындықты қазақстандық зауытта жасалған, арнайы оқу-жаттығу кешенінде жүргізуде. Сүңгуірлер тобы су астында жасалатын іс-әрекеттерге осы жерде жаттығады. Ал кешеннің кеме палубасына ұқсас бөлігінде арқанмен өрмелеп, каюта ішіндегі қарсыластың көзін жою секілді кәсіби әрекеттерге қыс-жаз бойы машықтанады.

Жәнібек Салықбаев, Сүңгуірлер ротасының командирі:

Өзіміздің жабық сүңгуірлік құралдарымыз бар. Сомен келеміз. Жабық сүңгуірлік құралдар пузыроктар шықпайды, сол үшін бізді ешкім байқамай қалады. Гидрокостюмдер қара түс болғандықтан бізді ешкім көрмейді. Түнде келеміз және заңсыз қаруланған топты біз жоямыз.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу