«Қазақ радиолары» Астананың 20 жылдығына орай республикалық радиомүшәйра өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ радиолары» Астананың 20 жылдығына орай республикалық радиомүшәйра өткізеді

20.04.2018
«Қазақ радиолары» Астананың 20 жылдығына орай республикалық радиомүшәйра өткізеді

Астананың 20 жылдығына орай «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен «Қазақ радиолары» «Елбасы және Елорда» атты республикалық мүшәйра өткізеді.  

Байқау мақсаты -  Астананың әлем мен ел алдындағы маңызын, алар орнын, даму сатысын өлеңге арқау ете отырып, Елбасының еңбегін көрсету. Сол арқылы өскелең ұрпақтың санасына елді, жерді, Отанды құрметтеудің үлгісін сіңіру.

 

Радиомүшәйраға қатысатын ақын «Еңселі елордам» және «Елтұтқа - Елбасы» тақырыптарын қамтитын бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең жолдауы керек. Әр өлеңнің көлемі 10 шумақтан аспауы тиіс. Радиомүшәйраға 18 бен 35 жас арасындағы ақындар қатысады.

Ұсынылған жырларды сараптау үшін тәуелсіз қазылар алқасы жасақталады. Іріктеуден өткен өлеңдер «Qazaq» радиосының эфирінен оқылады. Республикалық радиомүшәйра арнайы хабар ретінде радио эфиріне қойылады.

 

Жүлде қоры:

                 І орын - 1 жүлдегер 500 000 теңге;

                 ІІ орын  - 2 жүлдегер 300 000+300 000 (600 000 теңге)

                 ІІІ орын - 2 жүлдегер 200 000+200 000 (400 000 теңге)

 

Өлеңдерді қабылдау radio.mushaira@gmail.com электронды поштасы арқылы 2018 жылғы 10 мамырға дейін жүргізіледі. Үздік деп танылған өлеңдер арнайы жинаққа еніп, аудиодискіге жазылады. Сонымен қатар, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ең үздік 5 ақынның өлеңіне бейнесюжет түсіріп, арна эфирінен ұсынады. Мүшәйраның қорытынды поэзия кеші Астана күні қарсаңында «Қазақстан» ОКЗ-да өтеді. 

 

Анықтама телефондары: 8 (717) 2 75 73 12, 75 72 90.

Хабарламаларға жазылу