1000-ға жуық отандасымызға несие алдырып тайып тұрған алаяқтар қайда жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1000-ға жуық отандасымызға несие алдырып тайып тұрған алаяқтар қайда жүр?

14.04.2018

Тоқсаныншы жылдары 1 теңге берсең 1000 теңге қылып қайтарамын дейтін алаяқтар қаптап кетіп еді. Өкініштісі, елді алдап, тақырға отырғызып жүргендер әлі бар екен. Солардың біріне алданған 1000-ға тарта адам «Мәселеден» араша сұрап келіп еді. Мамандарымыз барды, көрді, заңсыздықты әшкереледі.

«Көпті алдаған, көрінде өкіреді» деген бар. Қаржылық пирамида құрып, адамдардан ақша жинап, артынша үшті-күйлі жоқ болып кететіндердің көшін Орта Азияда Сергей Мавроди бастады. Әйгілі «МММ»-нің көшбасшысын соттағанда оған қатысты қылмыстық іс 610 томды құраған. Ал, жұрттан жинап жоқ қылған ақшасы шамамен 110 миллион доллар делінді. Айыбын өтеп абақтыдан шыққан ол тағы бірнеше рет қаржы пирамидасын құруға оқталған, бірақ бұрынғыдай ақшаны күреп таба алмады. Ал, осыдан  екі апта бұрын аялдамада ес-түзсіз жатқан 62 жастағы Сергей Мавродиді кездойсақ адам көріп жедел жәрдем шақырған. Бірақ ,дәрігерлер Орта Азияның ең әйгілі алаяғын ажалдан алып қала алмады.

Өкініштісі, бұл жолы бізден араша сұрап келген ағайынға қарап, қаржылық пирамидалардың өтірік екенін қанша айтсақ та соларға бар ақшасын өздері апарып беретіндердің әлі де барын көрдік, білдік.  Осы мәселе турасында Еркін Съезұлының сюжетінде.

Хабарламаларға жазылу