Жетісу облысында 220 интернет алаяқтық дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 220 интернет алаяқтық дерегі тіркелді

23.08.2022

Олардың 125-і әлі ашылған жоқ. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сақ болып, күмәнді қоңырау мен хабарламаларға алданып қалмау үшін ақпаратты ресми органдардан нақтылауды ескертеді. Таяуда ғана өздерін полиция департаментінің өкіліміз деп таныстырған белгісіз біреулер 53 жастағы азаматты несие алуға мәжбүрлеп, 2,7 млн теңгеге сан соқтырған. Алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы өңір тұрғынына жалған қызметтік куәліктер мен тергелген іс құжаттарының суреттерін жіберу арқылы сендірген.

Руслан Шарапиев, Жетісу облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы:

Алаяқтар жәбірленушіні өз сөздерінің дұрыстығына сендіріп, оны банктен үлкен несие алуға және олар көрсеткен шотқа жіберуге мәжбүр етті. Қазіргі таңда біз ақшаны қайда жібергенін анықтап, басқа қажетті жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қарастырылған қылмыстық іс тіркелді.

Хабарламаларға жазылу