Ақын Ақұштап Бақтыгереева «Таңшолпанның» төрінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Ақұштап Бақтыгереева «Таңшолпанның» төрінде

10.04.2018

Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақын қазақтың Жайықтың ақ шағаласы атанған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері студия қонағы болды.

Ақұштап Бақтыгереева 1966 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген. Ол облыстық «Орал өңірі», республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басылымдарында қызмет істеген.

Тұңғыш кітабы «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. Кейіннен «Наз», «Қуанышым, іңкәрім», «Сені ойлаймын», «Аққанат», «Бақыт әні», «Жайық қызы», «Белокрылая», «Ақжелең», «Сүмбіле» кітаптары шықты.

Ақынның туған елге деген сүйіспеншілігі, ана тілі тағдыры - поэзиясының арқауы. Оның өлеңдеріне Өірбек Бәйділдаев, Шәмші Қалдаяқов ән жазған.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу