БҚО-да ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арналған шаралар өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арналған шаралар өтуде

06.01.2016
БҚО-да ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арналған шаралар өтуде

Бұдан кейін ақын музейінде Қадырдың замандастары өз естеліктерін айтты. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева «Қадырдай қазақтың бірегей ақыны арамыздан кеткенімен, оған деген ықылас ешқашан суымақ емес. Қайта ақынға деген ел құрметі еселене түсіп, есімін мәңгі есте қалдыру бағытындағы шаралар жалғасуда. Бүгінгі шаралар - соның бір айғағы», - дейді.

«Қазыналы Қадыр әлемі» атты мерекелік концерт барысында ақынның шығармашылығын белсенді насихаттаушылар Қадыр Мырза Әлі атындағы медальмен марапатталды. Сонымен қатар, «Қадыр оқулары» байқауының жеңімпаз-жүлдегерлеріне алғысхаттар тапсырылып, ақынның өмір жолына арналған «Өлеңнің туын жықпаған» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Музейде сондай-ақ  Қадырға берілген қолтаңбалардан жасалған «Ақынға ақ пейілмен...» атты кітаптар және ақын тұтынған заттар көрмесі қойылып, шара «Музей түніне» ұласты.

  

Хабарламаларға жазылу