Арман Сқабылұлы: Әлеуметтік желі арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесін қазірден қолға алмасақ ертең кеш болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Сқабылұлы: Әлеуметтік желі арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесін қазірден қолға алмасақ ертең кеш болуы мүмкін

04.04.2018

Қазіргі күні әлеуметтік желіні қолдану аясы күннен күнге кеңейіп барады. Жастар болсын, үлкен буын болсын әлеуметтік желіні қолданады. Әлеуметтік желінің пайдасы көп пе, зияны басымырақ па? Журналист, әлеуметтік желіні белсенді қолданушы Арман Сқабылұлы студия қонағы болып, осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

«Әлеуметтік желіні қанша даттасақ та, жақтырмасақ та одан құтыла алмаймыз. Тек, оның жақсы жақтарын қолдану мәселесін қозғау керек. Өкінішке орай әлеуметтік желінің 20 пайызы ғана жақсы, қалған 80 пайызы қоғамға жақсы дүние әкелмейді. Әлеуметтік желі бүгінде адамдарды әлеуметтік статусына қарамай теңестіріп отыр.

Әлеуметтік желіні журналистер, саясаттанушылар, халыққа ой айта алатын адамдар көбірек пайдаланса деген тілегім бар. Өйткені әлеуметтік желі арқылы ақпарат алу, халыққа ой тастау, жастарды тәрбиелеу мәселесін қазірден қолға алмасақ ертең кеш болуы мүмкін.

Ақпараттық дәуірде өмір сүреміз. Ақпаратты тез алғымыз келеді. Газет оқуға уақыт жоқ. Әлеуметтік желіде отырғаныма 6 жыл болды. Маман болғандықтан түрлі материалдар салдық. Байқағаным, 5-6 жылда жазылатын жанр қалыптасып болды. Мысалы, әдемі, халық оқитын дүние оқысын десеңіз, жеңіл, түсінікті, оқиғасы тез аяқталатын жанр болуы керек», - дейді қонақ.  

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу