Адам ағзалары саудасының алдын алмасақ, ертең кеш болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам ағзалары саудасының алдын алмасақ, ертең кеш болады

29.09.2019

Ішкі істер министрлігі заңсыз трансплантациямен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескендерін хабарлады. Жалпы, биыл адам саудасы бойынша 141 қылмыстық іс қозғалған, оның 59-ы адам органдары мен тканьдерін саудалау бойынша. Ал қылмыстық топ екі жыл бұрын құрылған. Заңсыз 57 операция жасалған – қылмыскерлер донорларды Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан тартқан. Сөйтіп Израиль азаматтарына бүйрек салған. Тергеу әлі жүріп жатыр, полицияның қазіргі мәліметі бойынша әлгілердің кірісі 10 миллион доллардан асады. Адам органын саудалаумен айналысатындардың өздерін безбүйрек деп сипаттасақ, этикадан аттаймыз. Дегенмен олардың цинизмі – донорларды «ет» деп атайтын болған... Ішкі істер министрлігі таратқан хабарда мамырда ұсталған белгілі трансплантологтың атын аталмайды. Бірақ материалдың астына жазылған комментарийлердің арасында ол «Болашақ» бойынша оқыды ғой, сол ақшаны қайтарсын» деген жазба бар... 

Хабарламаларға жазылу