5 сәуір күні «Әміре» фильмі көрерменге жол тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 сәуір күні «Әміре» фильмі көрерменге жол тартпақ

02.04.2018

Жақында көрермендерге «Әміре» фильмі жол тартпақ. Осыған орай Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері Еркебұлан Дайыров студия қонағы болып, туынды  турасында баяндап берді.

 «Әміре» туындысы өткен жылы Рига қаласында түсірілді. Бұл өскелең ұрпақтарымызды ұлттық құндылықтармызбен қайта қауыштыру мақсатындағы үлкен жоба. Туынды 5 сәуір күні қалың қазақтың назарына жол тартпақ.

Бұл жолы мен Мұстафа Шоқай бабамыздың образын сомдадым. Бұл кісі Әміре Қашаубаевтың өміріне үлкен өзгеріс әкелген тұлға. Ол уақыт кімнің болса да басына түскен үлкен зобалаң уақыт еді. Осы туындыда Әміренің өмірі қалай өзгергені, Мұстафа Шоқайдың әсері көрсетіледі. Ол күрескерлер кезеңі, тарихтың тұнып тұрған кезеңі еді. Халық жақын танысса деген ойдамыз.

Сапалы дүние жасау керек болды. Киноны түсіруге АҚШ елінен Джеффри Веспа ат салысты. Қолдан келгенше тарихтан ауытқымауға тырыстық. Бағасын көрермен бере жатар. Тарихи жобалар тағы жасау жоспарда бар.

Бұл менің үшінші тарихи киноға түсуім. Осындай бейнелерді сомдауды ұнатамын. Ол оңай емес. Ең қиыны мен үшін – Бауыржан Момышұлы болды», - дейді актер.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу