«Таңшолпан» студиясының төрінде «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және «Жас Отан» Жастар қанаты «Сана» бағытының координаторы Әйгерім Серікжанова қонақ болды. Олар съездің дайындық барысымен, жоспарларымен бөлісті.
«Жас Отан» Жастар қанатының IV кезекті съезіне република бойынша қоғам белсенділері, шығармашылық, спорт жастары және де саяси өмірге бейжай қарамайтын 1500 адам қатысады. Съездің басты мақсаты – жарғылық құжаттарды реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау.
Екінші күні жастар жиналыста ұсынған жобаларын әр бағыт бойынша қорытындылайтын болады. Жастар пікірлер мен тәжірибелермен алмасатын болады», - дейді қонақтар.