Журналист Төлен Тлеубай: Грант алуда ауыл жастарына басымдық берілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Төлен Тлеубай: Грант алуда ауыл жастарына басымдық берілуі керек

26.03.2018

Журналист Төлен Тлеубай студия қонағы болып, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы көп талқыланып жатыр. Бұл - дер кезінде көтерілген бастама. Себебі, дамыған елдер қатарына қосылуды мұрат тұтқаннан кейін бұл бастама –  үлкен оқиға. Ел ішінде бұған қатысты түрлі мәселелер сөз болуда.

Мысалы, «барлық азамат баспанаға қол жеткізе ала ма?», деген сұрақ. Одан басқа гранттарға қатысты сұрақтар. Ұсыныстар қабылданды. Қазір бағдарлама талқыланып жатыр. Гранттарға қатысты өз пікірім бар. 20 мың грантты кім алады? 20 мың гранттың 10 мыңы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Оның ішінде роботтық техника, ақпараттық технологиялар мамандығы. Меніңше, қазір жастар қарапайым мамандықтар бойынша білім алғысы келмейді. Грант алуда ауыл жастарына басымдық берілуі керек деп санаймын.

Екінші сұрақ, осы мамандықтарды кім үйретеді? Ақыл-ойдың күші батысқа кетіп жатыр. Мықты кәсіби мамандарымыз шетелге кетіп қалды. 6-7 мыңнан астам маман шетелге кетсе, бізге тек мыңы ғана келеді. Мамандарға, профессор, ұстаздарға жағдай жасау керек», - дейді қонақ.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу