«...Қымбаттым!
Түсінемісің, күлмеші. Бұлай сені ешқашан да атамаппын. Бүгін атап отырмын. Көңіліңе ешбір қаяу салмастан, жадыңда жатталып қаларлық хат жазғым келеді...»
Бұл – Ержұман Смайылдың сонау Мурманскіде әскери флотта қызмет етіп жүрген кезінде жарына Жақан апаға жазған хаты еді.
Ержұман Смайыл – белгілі журналист, ҚР Президенті сыйлығының тұңғыш иегері, бірнеше кітаптың авторы. Ол «Лениншіл жас» пен «Егемен Қазақстан» газеттерінде бірінші орынбасар, бірінші вице-президент болған.
Ержұман Смайыл өмірден өткен соң жұбайы Жақан апа ескі фотосуреттерді жинастырып отырып, көк конвертке көзі түседі. Содан бері теңізде тербелген матрос Ержұманның Алатау баурайындағы бойжеткенге деген сағынышқа толы хатын Жақан апа әлі күнге дейін сақтап келеді.
Хаттан махаббат драмасы мен шебер суреттеуді, көрікті пейзажды да аңғаруға болады. Тіпті жастарды Отанының патриоты болуға шақыратын үндеу де бар мұнда.
Толығырақ «Таңшолпанда».