«Қарекет». Балаларымды интернатқа тапсыруға мәжбүрмін... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарекет». Балаларымды интернатқа тапсыруға мәжбүрмін...

09.02.2018

Әрбір ата-ана «балам жақсы азамат болса» деп армандайды. Бірақ ойлау мен армандау аз. Ол үшін біраз еңбек ету керек. Балаға жақсы тәрбие беру үшін не істеу керек? Осы тәрбиені бере алмаса, бала ата-ананы тыңдамаса қайтпек?

Екі баласының болашағына алаңдаған жалғызбасты Сәлима Айтбекқызы студияда өзінің оқиғасымен бөлісті.

«Жасым 46-да. Жаркент қаласының тумасымын. Еден жуушы болып жұмыс істеймін. Екі ұлым бар. Балаларым сабақтан қалып, тыңдамағаны жаныма тиеді. Кіші балам кез келген уақытта сабақтан жиналып кете қалады. Бүкіл ойым - осылар аман есен мектеп бітірсе.

Ұлдарымды интернатқа өткізуге дайынмын. Оған мәжбүрмін. Үйдің жағдайы жоқ. Үй суық, отын жағылмайды, суды көршіден аламыз. Осының барлығы балаларыма әсерін тигізеді. Егер балаларым «сабақ оқимыз десе» интернатқа өткізбес едім. Себебі олар өсіп келе жатыр, бұзылып кетпесе екен деймін.

Ал, интернатта білім алады, спортпен айналысады. Одан басқа есейе ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінер еді», - дейді Сәлима Айтбекқызы.

 

Толығырақ «Қарекет» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу