Меруерт Сепбосынова: Күйеуім құлдықта жүр ме, әлде есінен айырылып қалды ма, білмеймін... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меруерт Сепбосынова: Күйеуім құлдықта жүр ме, әлде есінен айырылып қалды ма, білмеймін...

30.01.2019

«Qareket» бағдарламасына айдың-күннің аманында отағасынан айырылып, хабар-ошарсыз кеткен азаматтың жары Меруерт Сепбосынова келіп отыр.

Еден жуып жүрген ана кейде ел-жұрттан жасырып көз жасын сүртіп алады. Үлкен ғимараттың еденін жарқыратып, терезесін тазалағанымен, өз көңілінің терезесін сүртіп беретін адам жоқ. Алуан ойлар, сансыз сұрақтар, алмасып отыратын күдік пен үміт сананы шаршатып отырады.

«2016 жылы күйеуім жоғалып кетті. Содан бері ешқандай хабар жоқ. Жолдасым жоғалғанда кішкентайым 3 айлық еді. 4 баланы жеткізу үшін Алматыға көшіп келдім. Жалдамалы пәтерде тұрамын. Ешкімге алақан жайып отырғаным жоқ.

Балаларым әкесін іздейді, сағынады. Әр адамның орны бөлек. Маған жолдасым, балаларыма әке керек. Қандай жағдай болса да, ыстық-суығына көніп келемін. Құлдыққа алып кетті ме, не есінен айырылып қалды ма деп те ойлаймын.

Бала шағамды асырау үшін кез келген жұмыс істеп жатырмын. Бұрын 4 жұмыс істейтінмін. Қазір денсаулығыма байланысты бір жұмыс жасаймын. Балаларымды жеткізсем деген мақсатым бар. Арманым – балаларымды биіктен көру», дейді Меруерт.

Бұл жағдайда әрі қандай қарекет жасау керек? Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың баласына қандай әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған?

«Qareket» бағдарламасына келген мамандар осы сұрақтарға жауап берді.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу