Қазір жөтелгенін ән, көтергенін клип қылатындар көбейді. Ол ол ма, әлеуметті әнімен емес, жалаңаш тәнімен тартуға тырысатындар қаптады. Теледидарды басып, ғаламторды ашып қалсаң шыға келеді.
Ашық қоғамды анайы қоғаммен шатастырып алғандарды қолдап-қолпаштап жүретін орталары бар тағы. Іргедегі өзбектер Лола Юлдашева есімді атақты әншісін бейнебаянында ашық-шашық кадрлерге түскен деп лицензиясын тартып алып қаңғытып жіберген. Ал, біздің елде неғұрлым киімсіз көрініп, ардан аттаса, соларды соғұрлым жарнамалап жаһанға жар салатын ақпарат құралдары жетіп артылады. Осы тақырыпты толығырақ «Мәселенің» тілшісі Сәбит Әлдебай жеткізеді.