Украинадағы Қазақстан елшілігінің қызметкері жазаға тартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы Қазақстан елшілігінің қызметкері жазаға тартылуы мүмкін

16.02.2021

Украинадағы Қазақстан елшілігінің қызметкері жол ережесін өрескел бұзып, Киев тұрғындарының ескертуін елемеген. Кадрға іліккен дипломатты жазаға тарту керек деген бір топ қоғам белсенділері мемлекеттік органға хат жазыпты. Видеода қара түсті Tоyota camry автокөлігі трамвайдың жолына шығып кеткен. Арнайы ескертуге қарамастан көліктің тыйым салынған екінші жолмен жүйіткігені байқалады. Тоқтатпақ болғандарды да басып кете жаздаған. Бүгінде мәселенің мән-жайын Сыртқы істер министрлігі анықтап жатыр.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу