Астанада 300 жуық экспонат қойылған көрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 300 жуық экспонат қойылған көрме өтіп жатыр

22.09.2014
Астанада 300 жуық экспонат қойылған көрме өтіп жатыр

Астанада XVIII- XX ғасырдан сыр шертетін бірегей көрме өтіп жатыр. Қазіргі заман мұражайына келушілер еуропалық, кеңестік үлгідегі сағаттан бастап, тұрмыстық заттарды, әшекей бұйымдарды, сирек кездесетін жәдігерлерді, Еуропа сарайларындағы жауһарларды көріп, көзайым бола алады. Көрмеге ұзын саны 300 жуық экспонат қойылды. Аталған көрме қазан айының соңына дейін жалғасады, -деп хабарлайды Астана әкімдігі сайты.

«Бұл Астанадағы баға жетпес іс-шара деп ойлаймын. Неге десеңіз, кейінгі жылдары дүниежүзінде суретшілер, көрермендер абстракциялық өнерге бет бұруда. Бірақ, 20 ғасырдың 80 жылдарынан бастап, бүкіл дүниежүзінде академиялық, я болмаса, классикалық өнерге деген қызығушылық көбейді. Мына жұмыстардың көбі көшірме болса да, теңдесі жоқ,  өте бағалы бейнелеу, жиһаз, мүсін өнер туындылары деп есептеймін»,-деді Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Ермек Асылханов.

Хабарламаларға жазылу