Элизабет Тұрсынбаева: Есімімді Элизабет Тэйлордың құрметіне қойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева: Есімімді Элизабет Тэйлордың құрметіне қойған

26.01.2018

   Қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының өкілі Элизабет Тұрсынбаева «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасына қонаққа келіп, алдағы жоспарларымен, Олимпиадаға дайындық барысымен бөлісті.

   Элизабет Байтаққызы Тұрсынбаева - мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері, 2017 жылғы Қысқы Азиада ойындарының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткен марапаттау кешінде «2017 жылдың үздік жас спортшысы» номинациясын иеленген. 2018 жылғы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды.

   «Астанаға Қытайдағы жарыстан келдім. Қазіргі уақытта Канаданың Торонто қаласында Брайан Орсерде жаттығамын. Ол жақта жаттығу үшін жақсы жағдай жасалған. Мен жыл бойы сонда болып, сайыстарға дайындаламын»,-дейді жас спортшы.

   Есімінің мағынасы туралы фигурист: «Анам мені босанар алдында «Клеопатра» фильмін көріп, сол фильмде басты рөлде ойнаған актриса Элизабет Тэйлордың құрметіне қойған»,-дейді.

   Спортшы бос уақытын ас үйде өткізеді. «Торт пісірген ұнайды. Анамның жақсы көретін балды тортын үнемі әзірлеп беремін. Жалпы, бір пісірген тағамды екінші рет қайталап пісіргенді емес, жаңа тәттілер дайындағанды ұнатамын»,-деп көрермендерімен хоббиы туралы бөлісті.

Хабарламаларға жазылу