Элизабет Тұрсынбаева «Skate America» Гран-приінде 4-ші орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева «Skate America» Гран-приінде 4-ші орын иеленді

26.10.2015
Элизабет Тұрсынбаева «Skate America» Гран-приінде 4-ші орын иеленді
АҚШ-та мәнерлеп сырғанаушылар арасында Қазақстанның намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева қоссайыс қорытындысы бойынша 178,56 ұпай жинаған.

«Skate America» турнирінің алтын медалін ресейлік Евгения Медведева жеңіп алды. Екінші орын-америкалық Грэйси Голдқа бұйырды, үздік үштікті Сатоко Мияхара қорытындылады.

15 жастағы спортшы Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы турнирлерге осы жылдан бастап қатысып келеді.

Айзада ЖАҚСЫБЕК

Хабарламаларға жазылу