«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа жоба - «Дара жол» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа жоба - «Дара жол»

27.11.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа жоба  - «Дара жол»

«Әрқайсымызда өзіміздің дара жолымыз бар. Бірақ өмірін ерекше және айырықша ету әркімнің қолынан келе бермейді. Дара жол – бұл әркімнің өз жолы. Біздің бағдарламамыздың басты кейіпкерлері көрермендерді табысқа жетуде өз ерекшелігімен қызықтыратын  ерекше тұлғалар. Дара сөзінің мағынасы – бірігей және ерекше дегенді білдіреді, яғни әр адамның өзінің өмірде басқаларға ұқсамайтын дара жолы болады. Міне, осындай тұлғалар жайында біз өз бағдарламамызда әңгіме құрмақпыз» - деп бөлісті бағдарламаның жүргізушісі Дана Нұржігіт.  

Бағдарлама барысында басты кейіпкерімізді оның ата-анасы, жақын достары мен әріптестері және өмір жолында кездескен және олардың тұлға ретінде қалыптасуында үлестерін қосқан адамдар бізге жақынырақ тануға өз көмектерін береді. Сонымен қоса, әр адамның өмірінде өзіне деген ыстық ерекше заты болады. Бұл – оқыған кітабы, көрген фильмдері және тағы басқасы. Сол арқылы жүргізуші бағдарлама кейіпкерінің өзіне ғана тән әлемін ашып, көрермендерге айтып беруге тырысады. 

Бағдарламада әр кейіпкер осы уақытқа дейін жұртшылыққа беймәлім болған өзінің сырларымен бөліседі.  

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендерін айқын және көрнекті тұлғалармен кездесулер күтіп тұр. Әр сенбі сағат 21:00-де «Дара жол» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу