Б.Римова атындағы Қазақ драма театры Алматыда «Алаштың Әлиханы» тарихи драмасын сахналамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Римова атындағы Қазақ драма театры Алматыда «Алаштың Әлиханы» тарихи драмасын сахналамақ

12.12.2017

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 43-маусымын Алматы қаласында «Алаштың Әлиханы» тарихи драмасымен ашады. Осыған орай театр директоры Ғалия Әмірқамзақызы мен театр әртісі Кендебай Темірбайұлы бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласына екі қойылым алып келдік. Үшінші спектакль - Дулат Исабековтың «Құстар фестивалі» атты балаларға арналған ертегісі.

Ең алдымен біз Асылбек Ихсанның «Хақ жолы» спектаклін көрсеттік. Қойылым теріс ағымдарға кіріп, өзінің және жақындарының өмірін қорлаған адамдар туралы. Көрермен жақсы қабылдады»,- дейді Ғалия Әмірқамзақызы.

«Биыл  Алаш Үкіметінің құрылғанына - 100 жыл. Көп ойланып, осы тақырыпқа үлесімізді қоссақ деп, ұжыммен спектакль қоюға бел будық. Осыған орай Алматы қаласында «Алаштың Әлиханы» тарихи драмасы қойылымы көрсетіледі. Онда басты рөлді сомдаймын. Мұндай үлкен саясаткердің образын сахнаға шығару оңайға түскен жоқ», - дейді Кендебай Темірбайұлы.

Хабарламаларға жазылу