«Мен қазақпын» мегажобасын қорытындылаған жетісулық әнші Бейбіт Мұсаев. Тәлімгері – күйші Сәрсенғали Жүзбай. Бейбіт ақтық сында Қапез Байғабыловтың «Меркі» әнін шырқады.
Ұлжан Байбосынова:
- Бейбіт нағыз әнші. Қазақ өнеріндегі осы кездегі үлкен додаларда өзін жоғарғы деңгейде көрсетіп жүрген әнші деп толықтай айта аламын. Домбырамен айтса да, ансамбльмен айтса да, орындаушылық деңгейін дәлелдей білетін мықты орындаушы. Сондықтан, бүгінгі орындауы өте жоғарғы деңгейде шықты. Көңілім толды.
Мырзатай Жолдасбеков:
- Бүгін екі әншінің де айтқан әні керемет болды. Бейбіттен ешқандай мін таба алмадым. Екі әншіні салыстырып қарасаң, Сәулежан операның әншісі сияқты, ал, Бейбіт қазақтың дәстүрлі өнері үшін туған адам деп ойлаймын.
Бейбіт Мұсаев 3075 нөміріне 11 санын жіберу арқылы дауыс бере аласыздар.