«Мен қазақпын». Дәстүрлі ән жанры бойынша Бейбіт Мұсаев пен  Сәулежан Тақзия финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен қазақпын». Дәстүрлі ән жанры бойынша Бейбіт Мұсаев пен  Сәулежан Тақзия финалға шықты

04.12.2017

«Мен қазақпын» жобасында дәстүрлі ән жанры бойынша өнер көрсететін әншілер финалдық жолдама үшін бақ сынасты. Ақтық мәреге 6 үміткер өнер көрсетті. Алайда, қатысушылардың тек екеуіне ғана жолдама берілді.

Жарыс жолын жалғастыратын әншілердің есімін қазылар алқасының жетекшісі Мырзатай Жолдасбеков жария етті. Қазылар алқасының шешімімен Бейбіт Мұсаев пен Сәулежан Тақзия финалға өтті. Ал, Өзгеріс Шерікбай, Бауыржан Нұрмұханов, Алпысбек Оңайбайұлы және Сұлужан Әбенова сайыстағы өнерлерін осы тұста тоқтатты.
 

Хабарламаларға жазылу