Айгүл Үлкенбаева: Азамат Шынаров ұзаққа шаба алатын күйші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Үлкенбаева: Азамат Шынаров ұзаққа шаба алатын күйші

10.12.2017

Финалға жеткен өнерпаздардың ішінен бірінші болып алматылық күйші Азамат Шынаров өнер көрсетті.

Оның тәлімгері – өнертанушы Жарқын Шәкәрім. Жарқын Шәкәрім Азаматтың Құрманғазы оркестрінің негізін қалаған бабалардың ұрпағы екенін және шәкіртінің бұл жерге Жетісудің өнерін алып келгенін айтты. «Мен қазақпын» мегажобасында Жетісу өңірінің намысын қорғап келген Азамат Шынаров бүгін Т.Ахметовтың «Шернияз» күйін орындады.

Айгүл Үлкенбаева:

- Аттарды бәйгеге салғанда ішінде ұзаққа, қысқа қашықтыққа шабатындары бар. Азамат осы жолы өзінің ұзаққа шаба алатындығын дәлелдеді. Өте жақсы.

Азамат Шынаровқа 3075 нөміріне 2 санын жіберу арқылы дауыс бере аласыздар.

Хабарламаларға жазылу