Алмат Сақатов: Қазақстандық кино саласының қарқынды дамуы қуантады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмат Сақатов: Қазақстандық кино саласының қарқынды дамуы қуантады

08.12.2017

Бір кездері «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі болған театр және кино актері Алмат Сақатов Алматы студиясының қонағы болып, өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

 

«Ширек ғасырға толған бағдарламаға сәл де болса атсалысқаныма қуанамын. Сахнада жүріп, әзіл ойнаймыз, киноға түсеміз. Бірақ, ең қиыны – «Таңшолпанды» жүргізген кезім болды. Тікелей эфирде отыру - үлкен еңбек, зор міндет.

 

Қазір кино саласында жүрмін. Жақында отандық «Көзайым» телехикаясына түстім. Адам бойында қанша жаман қасиет болса, соның барлығын кинода ойнадым. Қазір теріс рөлдерге түспеймін. Өйткені, бір образда қалып қойғым келмейді. Жалпы, қазақстандық кино саласының қарқынды дамуы қуантады.

Алматыда «Әзіл студиям» бар. Ондағы актерлерді 3 жыл бойы дайындадым. Қазір ел ішінде гастрольдеге шығып жүрміз», -дейді актер.

 

Хабарламаларға жазылу