Тоқтар мен Бейбіт: Сахнадан көрінбей кетуіміздің себептері бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқтар мен Бейбіт: Сахнадан көрінбей кетуіміздің себептері бар

04.12.2017

Әнші жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта

«Бізді сахнада көрінбей кетті деген сөздер жиі айтылып кетті. Жасыратыны жоқ, отбасымызда біраз жағдайлар болды. Әкем дүниеден қайтты. Одан кейін егіздеріміз өмірге келді. Бейбіттің аяқ-қолын жинағанын күттім. Өйткені, халыққа жеке көрінгім келмеді. Осылайша 4-5 жыл уақыт өтті. Іздеушіміздің барына қуандық. Өйткені, халық көңілінен шыққан әншілерді ғана іздейді.

Әндерімізді басқа да өнер иелері орындауға ынта білдіріп жатады. Оған рұқсат береміз. Мысалы, «Өзің ғана» атты әнімізді Гүлнұр Оразыметова мен Жігер сұрады. Бұл ән - махаббатымыздың бойтұмары. Біз қарсы емеспіз. Себебі, әнді бір ғана әнші орындап, сол орында қалмауы керек. Бізден кейінгілер де айтуы керек. Сонда ғана ол халық әніне айналады», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу