Тоқтар мен Бейбіт – «Бақыт таңы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқтар мен Бейбіт – «Бақыт таңы»

02.08.2016
Тоқтар мен Бейбіт – «Бақыт таңы»

Әні: А.Дүйсенов, сөзі: С.Қалиев

Көзерiңнен күлiп күн, 
Отын үрлеп үмiттiң.
Елiтесiң жанымды, 
Назы балдай, қылықтым.
Пәк сезiмдер гүл ашты, 
Көңiлiме нұр шашты
Қалай ғана сол сезiм 
Махаббатқа ұласты?

Қайырмасы: 
Бақыт күткен ақ таңдарым,
Тәттi арманым, тапқан бағым.
Қарсы алайық бақыт таңын бiрге, жаным, ғашығым!
Арайлы таң нұр сыйлайсын,
Гүл сыйлайсын, жыр сыйлайсын.
Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым!

Ештеңе жоқ таңданар, 
Саған әнiм арналар.
Сүйген журек алдында, 
Шарасызбыз, бар ма амал?
Жүрек от боп жанса да, 
Аңыз болған баршаға.
Ғашықтар көп өмiрде, 
Қосылмаған қаншама?!

Қайырмасы: 
Бақыт күткен ақ таңдарым,
Тәттi арманым, тапқан бағым.
Қарсы алайық бақыт таңын бiрге, жаным, ғашығым!
Арайлы таң нұр сыйлайсын,
Гүл сыйлайсын, жыр сыйлайсын.
Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым!

Таңғы шықтай тұнығым, 
Сездiң бе жан жылуын?
Жүрегiңе жол салар, 
Махаббаттың жыры мың.
Баурап алдың жанымды, 
бағалай бiл бағыңды!
Өшiре алмас ешкiм де, 
Бiздегi ыстық жалынды.

Қайырмасы: 
Бақыт күткен ақ таңдарым,
Тәттi арманым, тапқан бағым.
Қарсы алайық бақыт таңын бiрге, жаным, ғашығым!
Арайлы таң нұр сыйлайсын,
Гүл сыйлайсын, жыр сыйлайсын.
Жарық шашқан жұлдызымсың, құндызымсың, асылым!

Хабарламаларға жазылу