Саида Мақпал Исабекованың «Хабарласпа» әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саида Мақпал Исабекованың «Хабарласпа» әнін шырқады

03.12.2017

«Silk Way Star» жобасының бұл шығарылымында орындалған әндер жарыққа шыға сала бар назарды өзіне аударып, суперхит атанған. Саида да дәл осындай әндердің бірін орындады. Ол туынды - Мақпал Исабекованың репертуарындағы «Хабарласпа» әні.

Жобаға қатысушы достарының ойларын білгісі келген өзбек аруына әріптестерінің бәрі дерлік ыстық ықыластарын білдірді.

«Саида ән айтқанда денең түршігеді. Одан бір адам сенгісіз күшті қуат тарағандай болады. Вокалист ретінде қатты ұнайды», - деді Ефенди әріптесі туралы.

 

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Әзірбайжан):

 

- Басында аз ғана толқығаныңыз байқалып тұрды. Образға ене алмай тұрдыңыз. Төменге түскеннен кейін ғана образға кірдіңіз. Бұл әнді орындағанда сіздің тембріңіз ұнады. Жалпы алғанда, бәрі жақсы болды.  

Хабарламаларға жазылу