Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындаған Саида грузиялық төрешіні толқытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындаған Саида грузиялық төрешіні толқытты

05.11.2017

«Silk way star» сахнасына шыққан екінші үміткер жарыс күніне қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын таңдаған. Өзбек аруы бүгін «Өмір-өзен» әнін шырқады.

Ал, әншінің таңдауын қазылар алқасының мүшесі грузиялық Тамара Аптсиаури әншінің орындауынан көзіне жас келгенін айтты.

«Мен сенің жан-жүрегіңді сезініп отырдым. Сен шын жүректен орындадың. Сахнада тұрысың, сахналық образың әдемі. Сен маған қатты ұнайсың», - деді Тамара.

Сонымен қатар, Саида қазақ жерінде салт-дәстүрдің жақсы сақталғанына тоқтап, «қандай да бір халықаралық бәйгелерге барып жатса, міндетті түрде әнге домбыраның қоңыр үнін қосады. Бұл қазақтың төлқұжаты секілді және маған қатты ұнайды. Әндері де от секілді, жаныңды шарпып өтеді», деді.

Хабарламаларға жазылу