Шекаралық өзендердің дауы неге басылмай тұр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекаралық өзендердің дауы неге басылмай тұр?

25.11.2017

2003 жылы БҰҰ «Су адам үшін, су өмір үшін» деген үлкен бағдарлама дайындады. Сонда әлемдегі 263 трансшекаралық өзен бары айтылды, оның үштен бірі екіден астам елді бөліп өтеді, 19-ы бестен астам елдің шекарасымен ағып өтеді. Жалғыз Дунай өзені ғана 18 мемлекеттің аумағынан ағады екен. Трансшекаралық өзендер қай елден бастау алса, солар қара суды қызғанатынды шығарды. Бір ғана Арал теңізіне құятын трансшекаралық өзендердің 43 пайызы Тәжікстан аймағында, 21,5 пайызы Қырғызстанда, 9,6 пайызы Өзбекстанға тиесілі, ал, Қазақстан аумағынан тек 2,1 пайызы ғана ағып өтеді, ең соңында 1,2 пайыз үлеспен Түрікменстан тұр. 

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1997 жылдың 21 мамырында «Халықаралық су ағындарын пайдалану құқығы» туралы Конвенция қабылдады. Мұнда «су ағысына ие мемлекеттер ынтымақтастықтарын егеменді теңдік, аумақтық тұтастық, өзара тиімділік және адал ниеттілік негізінде құрады» деп жазылған және «трансшекаралық өзендердегі судың деңгейі бір мемлекеттің ғана қалауымен шешілмейді». Алдағы бес жылда тіршілік нәрін іздеген 300 миллион су мигранты пайда болады деген болжам бар. Трансшекаралық өзендердің тоғысқан жерінде отырған Қазақстан судан тарығып қалмай ма? Қауіп бар ма? Ел кезіп, зерттеу жасаған Еркін Съезұлы айтады.

Хабарламаларға жазылу