Тұңғыш зағип тележүргізушілер Ербек Бакиев пен Мәдина Ермаханова «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш зағип тележүргізушілер Ербек Бакиев пен Мәдина Ермаханова «Таңшолпанда» қонақта

24.11.2017

Көрі мүмкіндігі шектеулі болса да, тележүргізушілік қызмет атқарып жүрген Ербек Бакиев пен Мәдина Ермаханова студия қонағы болды.

«Тележүргізуші болу – бала кездегі арманымыз еді. Қазір мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған бағдарламалар мұңды. Ал, біздің мақсатымыз - олардың жетістігін, жақсы жақтарын көрсету. «Отырар» телеарнасы арманымызды орындауға қолұшын беріп, «Ерекше жандар» атты бағдарламаны ашып берді. Биыл бұл хабарға бір жыл.

Жалпы, жобаның ашылуы көптен бері ойымызда болды. Басқа да мүмкіндігі шектеулі жандарға үлгі көрсеткіміз келді. Бағдарлама одан әрі жалғасын табады деп ойлаймыз. Осы күнге дейін 50-ге жуық кейіпкермен кездестік. Олардың шығармашылығы халыққа кең таралды. 

Қолдан келгенше еңсемізді тік ұстауға, мұңымызды, сырымызды бөлісуге  тырысамыз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесімізбен бөлісеміз», - дейді қонақтар.

 

Хабарламаларға жазылу