«Дара жол». Өмірзақ Айтбаев: Қажымұқанның болмыс-бітімін келтірген азамат 20 жасар Тілеуберді Бинашев екеніне таңқалдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жол». Өмірзақ Айтбаев: Қажымұқанның болмыс-бітімін келтірген азамат 20 жасар Тілеуберді Бинашев екеніне таңқалдым

13.11.2017

Академик Өмірзақ Айтбаев тасқа тіл бітірген мүсінші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Тілеуберді Бинашевтің «Дара жолына» арналған хабардың қонағы болды.

«Тілеуберді екеуіміз жерлеспіз. Алғашында ол туралы білген жоқпын. Бірінші оның өнерін танып, кейін өзімен таныстым. Қазақтың маңдайына біткен Қажымұқан батырдың мүсінін көргенде таңқалып, сүйсіндім. Өйткені, Қажымұқанды бала кезімде көргенмін. Бала болсам да, оның бейнесі есімде қалған. Ал, Тілеубердінің жұмысын көргенде керемет әсер алдым. Не деген ғажап! «Кімнің жұмысы, қалай келтірген?» деген сұрақтар туғаны анық. Осындай үлкен тұлғаның бейнесін салған адамның батылдығына таңқалдым. Сөйтіп, Қажымұқанның бүкіл болмыс-бітімін келтірген азамат кім десем, 20 жастағы Тілеуберді Бинашев екен», - дейді Өмірзақ Айтбаев.

Хабарламаларға жазылу