Алаш идеясы «Qazaq» радиосында насихатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш идеясы «Qazaq» радиосында насихатталды

28.12.2017

Алматыда Алашорданың 100 жылдығына орай, ұлттың үнжариясы «Qazaq» және «Shalqar» радиосының ұжымы «Алаш идеясы және Қазақ радиосы» атты алқалы жиын өткізді.

Шарада 1921 жылы «Qazaq» радиосының негізін салған, тұңғыш ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болған Ахмет Байтұрсынұлының фотожинағы көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы, қазір «Qazaq» радиосы Тәуелсіздік рухын Алаш идеясымен үндестіріп, тынбай насихаттап келеді. Тілшілер тарих тағылымынан сыр шертіп, тыңдарман қауым үшін ұлттық құндылықтар туралы үздіксіз хабар таратып келеді.

Руслан ҚОСАНОВ   

Хабарламаларға жазылу