Асылбек Еңсеповтің орындауындағы «Хафиз» күйі  - Сейфуллин Жолбарыстың  үздік туындыларының бірі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асылбек Еңсеповтің орындауындағы «Хафиз» күйі  - Сейфуллин Жолбарыстың  үздік туындыларының бірі (ВИДЕО)

03.11.2017

Бүгінгі «Сазгер» бағдарламасының қонағы Сейфуллин Жолбарыс «Хафиз» күйінің шығу тарихымен бөлісті.

«Бірінші ұлым шетінеп кеткенде «Хафиз» деген туынды келді. Оны Асылбек Еңсепов орындайды. Көп жерде ол айтылмай жатады. Бұл шығарманың орындалып келе жатқанына 20 жыл болды. Сондай бір қиыншылықта шыққан туындыларым мені халықтың алдына алып шықты», - дейді сазгер.

Сахна төрінде композитордың хит әндерінің бірі «Сенен басқа» әні Айдана және Ермек Меденовтердің орындауында шырқалды.  Сейфуллин Жолбарыс  бұл ән Нұржан Керменбаевқа арнайы жазылғанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу