«Негізі менің әлі орындалмаған бір арманым бар. Ол – симфониялық оркестрмен концерт беру. Ол қай уақытта орындалатынын білмеймін. Бірақ, Алла Тағала соған жеткізіп жатса, менде басқа арман жоқ», - дейді сазгер.
Ал, Сейфуллин Жолбарыстың кешіре алмайтыны қателігі - сатқындық. «Осы орта белге келгенше, талай жігіттерден сатқындық көрдім. Кешіремін, бірақ араласпаймын», -деді ол. Сонымен қатар композитор қателік, кемшіліктермен қалай күресетінін айтты.
Бағдарлама барысында Бақыт Тұрман сазгердің «Ақ құсым» әнін шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.