Саят Медеуов «Таңшолпан» бағдарламасында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саят Медеуов «Таңшолпан» бағдарламасында

03.11.2017

Әнші Саят Медеуов Алматы студиясының төрінде қонақ болды. Әнші өзінің өмірі, өнері туралы сөз қозғады.

«Әнші болуды бала күнімнен армандым. Терме, жыр, әндер көп тыңдадым. Қонақ келгенде анам оларға өлең айтқызатын.

Әкем ұста. Көп адамның батасын, рахметін алған адам. Ән де айтады, баян да тартады. Қазір 76 жаста. Әлі де еңбек етіп жүр», деген әнші  жақында әке туралы әнге бейнебаян жазатынын жеткізді. 

«Дүниеге адам болып келген соң сүю - міндетіміз. Махаббат жерге, елге, қыз баласына, Отанға, ата-анаға, бауырға болады», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу