Нұрмахамбет Айтуғанов «Дара жолын» егістік алқабынан бастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрмахамбет Айтуғанов «Дара жолын» егістік алқабынан бастаған

01.11.2017

Бүгінгі кейіпкер өзінің дара жолын сонау егістік алқабындағы қара жолдан бастаған. Ауыл шаруашылығы ісінің үздігі, агроном, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрмахамбет Айтуғанов бағдарлама қонағы болды.

«Мен еңбекке ерте араластым. Мектепке ерте бардым. Оның түрлі себептері бар. Әкем 6 жасқа толмай тұрып ағаларыммен бірге мектепке қосып жіберді. Үлгерімім жақсы болды. Он жылдықты 15 жасымда бітірдім. Тағдырдың салған бағы ма, сынағы ма, ерте есейдім.

Негізгі туған, өскен өңірім Арыс қаласы. Ауыл шаруашылығында жұмыс істеймін деп ойлаған жоқпын. Бала кезде ол сөздің мағынасын да білген жоқпын. Бірақ, ата-анамның атқарған еңбегін көріп өстім. Нағашым зергерлікпен айналысатын. Қолынан барлығы келетін. Бала кезімде жиі баратынмын. Егер агроном болмасам, атам сияқты ұста болар едім. Бірақ, білім қуып, институт бітірдім, агроном болдым», - дейді Н.Айтуғанов.

Хабарламаларға жазылу