Елімізде қоғамдық орындағы қоғамның әдебі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қоғамдық орындағы қоғамның әдебі қандай?

28.10.2017

Бүгінгі қоғам ғаламторда ғаламат болып көрінуге тырысып әлек. Соның салдарынан адамзат күнделікті өмірде өздерін қалай ұстау керектігін ұмытып қалғандай көрінеді. Әйтпесе қоғамдық орында төбелеспе, бейәдеп сөйлеме, шемішке шақпа деген 5 жасар балаға айтылуы тиіс ескертулерді еңгезердей ер мен әйелдерге айтып әлекпіз әлі күнге.

 

Жаза басса жазаламай, «қайталама» деп қайтарамыз кейде. Ал өзгелер ше? Мысалы, Таиландта сағыз шайнап оны қоқыстан басқа жерге тастай салсаңыз 600 доллар, біздің валютамен 200 мың теңге айыппұл төлетеді. Ал Данияда көшеде бетперде киіп жүру бұзақылықпен пара-пар, көріп қойса полицей учаскесіне қолыңды қайырып алып кетеді.

 

Мұның барлығы өткен айда Дубайда болған шудың жанында айналайын болып қалады. Шотландиядан келген 27 жастағы турист бардан сусынын алып, отыратын үстеліне беттейді. Қолындағысын төгіп алмайын деп келе жатып абайсызда Дубайлық еркектің жамбас тұсына қолы тиіп кетеді. Мұны қырыңдау деп түсінген араб полицейлерге арызданады, артынша қоғамдық орында өзін лайықты ұстамағаны үшін деген айыппен әлгі шотландиялық 3 айға абақтыға қамалды.

 

Қоғамдық орындағы біздің қоғамның әдебі санаулы жыл бұрын осы әзілге негіз болып еді. Бүгінгі ахуал қалай? Не өзгерді? Гүлжазира Ғалиқызы айтады...

       

Хабарламаларға жазылу