Нұрлан Әлімжановтың «Ақ құсым» әнінің шығу тарихы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әлімжановтың «Ақ құсым» әнінің шығу тарихы (ВИДЕО)

27.10.2017

Бүгінгі «Сазгер» бағдарламасының бас кейіпкері әнші, актер әрі композитор Нұрлан Әлімжанов болды. Аталмыш бағдарламада сазгер әндерінің шығу тарихы баян етіліп, тың сұрақтарға жауап алынды.

Музыкалық шоуда Нұрлан Әлімжановтың «Ақ құсым» әнін Рысбек Аташ орындап, тыңдармандар тарапынан жақсы лебіздер айтылды.

«Бұл әнде бірінші әуені туды. Ең басында Бақыт Беделхан ағамызбен әлі жолықпай тұрған кезде ән Омар Хайямның сөзіне жазылған. Бірақ, ондағы екі сөз ұнамағандықтан Бақыт ағаға келіп өзгеріс енгізсек қайтеді дедім. Ол кісі тіптен мүлде басқа, жаңадан сөз жазып,  осы туынды дүниеге келді», - дейді бағдарламаның бас кейіпкері.

Хабарламаларға жазылу