«Долана» халық әні ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Долана» халық әні ме?

12.04.2014
«Долана» халық әні ме?
«Долана» әні турасында мамандардың кейбірі: «Бұл ән – қыздың сыңсуы», енді бірі: «Қыздың сыңсуы деп қана қарауға болмайды. Бірақ, сыңсудың элементтері бар»,-дейді.
 
«Долана» әніне ұқсас «Ақтолғай» деген  ән бар. «Бұл ән сол «Ақтолғайдың» бір нұсқасы емес пе екен», деген де пікір айтылды.
 
«Ән – қазақтың халық әндерінің ешқайсысына ұқсамайды. Түбі – түркіменге барып тіреліп отыр...»
 
Бүгін 13.00-де «Телқоңыр» бағдарламасынан «Долана» әнінің шығу тарихы мен орындаушылары туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу