«Таңшолпан». Әнес Сарай: Түркінің түбі Үнді өзенінен тараған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әнес Сарай: Түркінің түбі Үнді өзенінен тараған (ВИДЕО)

26.10.2017

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әнес Сарай бағдарлама қонағы болды.

«Осы уақытқа дейін түркінің түбі – Алтай деп келдік. Алайда соңғы деректерге сәйкес алғашқы адамдардың сүйегі Ніл өзенінен табылған. Сонымен түркі халқы да сол жолмен өтіп, Оңтүстік Азия топырағына келгені байқалады.

Түрік мәдениетінің көне жәдігерлері енді ашылып жатыр. Онда ескі түркілердің пальма жапырақтарына жазған жазулары бар. Солардың біразы қазір аударылды. Бірақ оның сапасы әлі көңілге қонбайды. Олар әбден өңделіп, ғылыми айналымға енген кезде біздің көзіміз біраз нәрсеге жетуі мүмкін. Біздің түркі руна жазуының түбі сонда жатуы мүмкін. Себебі түркінің жазуы ғұнның жазуынан шыққан.

Қазақтың үлкенінен кішісіне дейін тарихты оқып, қызығатыны мені қуантады. Бұл халықтың қанында ұлттық нәрі тірі екенін білдіреді. Ол өзінің өткенін білгісі келеді. Өткенімен жүздескісі келеді. Өткенімен жүздескен адамның болашағы болады. Қазақ оқырмандарының осы қасиеті маған ұнайды», - дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу