Үндістан Пәкістан жеріне Үнді өзенінен судың ағуын тоқтатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан Пәкістан жеріне Үнді өзенінен судың ағуын тоқтатпақ

22.02.2019

Осылайша Исламабадпен арадағы 1960 жылы жасалған су ресурстарын бөлу туралы келісімшартты қайта қарайды. Бұл шешімге өткен аптада Кашмирде үнді полицейлеріне қарсы жасалған шабуыл түрткі болған. Одан 40 адам қаза тапты.

Нью-Дели қастандық үшін Пәкістанды айыптап отыр. Дегенмен, соңғысы мұны жоққа шығарды. Ал, су дауы өршитін болса, Пәкістанда миллиондаған адам тіршілік нәрінсіз қалып, елге қуаңшылық қаупі төнеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу