Facebook пен Google, Twitter мен Microsoft сынды алыптарда еңбек етіп жатқан қазақтардың жалақысы қанша? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook пен Google, Twitter мен Microsoft сынды алыптарда еңбек етіп жатқан қазақтардың жалақысы қанша?

21.10.2017

АҚШ-тың Калифорния штатындағы алқапта бүгін біз қолданып жүрген озық дүниелер мен келешекке керекті сандық технологиялар дүниеге келеді. Тіпті кей сарапшылар тұтас адамзат баласын  жіпсіз желінің Кремний жазығындағы төрелері билеп отыр дегенді алға тартады.

Google, Facebook, Twitter, Microsoft, Apple дейсіз бе, бәрі-бәрі осы алқапқа келіп алқынып жұмыс істеп жатыр. Әлемнің әр түкпірінен қабілетті, сандық технологияны бұйым құрлы көрмейтін кіл мықтыларды таласып өз саптарына жинап әлек. Алыптарға қызметке келген адамдар тиісінше ол жақтан оңайлықпен кетпейді.

«Фейсбук» деген Марк Цукерберг жасаған әлеуметтік желі бар. Жалпы, адамзат баласы күніне осы «Фейсбукта» 6 миллиард минут отырады екен. Қазіргі таңда 350 миллион адам тұрақты түрде тіркелген. Егер «Фейсбук» ресми мемлекет болғанда халқының саны жөнінен Қытай мен Үндістаннан кейін 3 орында тұрар еді.

Желіге желімдей жабысқан жұрт айына мұнда 2,5 миллиард сурет жүктейді екен. Елдің әсіре белсенділігін ескерген америкалық психологтар ресми түрде «Фейсбукке» тәуелділік деген диагноз да дайындады.

1,3 миллиард доллар инвестициялық қоры бар «Твиттердің» қазіргі құны 8 миллиард долларға тең. Америкалық құқық қорғаушылар күніне осындағы 5 миллион хабарламаны сараптайды екен. Бір қызығы, 2012 жылы венесуэлалық 19 жастағы қыз «Твиттердің» үш миллионыншы қолданушысы атаныпты, сол үшін Үкімет оған үй берген.

«Майкрасофт» компаниясындағы бір бос орынға кемі 1 миллион үміткер келетінін ескерсек, солардың ішінен қара үзіп шыққан қазақтар барын білу - ғажап. Кремний жазығындағы кіл мықтылардың сапына қалай енуге болады, олардың айлығы қанша және қандастарымыз Отанға орала ма? Гүлжазира Ғалиқызы айтады...

 

Хабарламаларға жазылу