Ұлттық арна эфиріне әр жұма сайын шығатын «Сазгер» хабарының бүгінгі шығарылымы танымал композитор Ермек Елгезековтің шығармашылығына арналды.
Ермек Елгезеков өзінің шығармашылығындағы жаңалықтарымен, әндерінің шығу тарихымен бөлісіп қана қоймай, алғашқы махаббаты жайлы да айтып берді.
«14-ке шыққан жасымда өле ғашық болдым, құлай сүйдім десе де болады. Көзімді жұмсам да, ашсам да, сол қыздың бейнесі көз алдымнан елестеп, кетпей... Ол қыз басқа ауылға көшіп кеткенде тамақ ішуді қойып, сөйтіп қиналып едім. Сол уақытта «Ұмытпаймын» деген әнімді жазған едім. Сол сезім, шүкір, әлі күнге дейін менің бойымда бар. Ал, қазір сол қыз үйде. Жеңгең сенің».
Сонымен қатар, Ермек Елгезеков «Белгісіз жан» әнінің шығу тарихымен бөлісті.
«Негізі бұл әннің музыкасын, аранжировкасын, жалпы алғашқы нұсқасын жасаған Оралхан Сәдуәқасов. Мен сөзінің авторымын. Ең алғашқы ақындық прогрессім – осы ән», - деді танымал композитор.
Бұдан бөлек, бұрын-соңды естімеген, білмеген ақпараттармен бөлісті. «Біз Алмат екеуміз «Бауыржан Шоуда» болған кезімізде «Орда» деген топ құрдық. Ол кезде Марат ағамыз да бар. Сол кісінің бастамасы еді. Жалпы, «Орда» деген сөзді талдаған кезде ол Оралхан, Рүстем, Дастан, Алмат болып талданады», - деді Ермек Елгезеков «Сазгер» бағдарламасында.
Бағдарламаның толық нұсқасы