Төлеген Мұхамеджанов: «Заман-ай» әні көз жасымызбен дүниеге келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлеген Мұхамеджанов: «Заман-ай» әні көз жасымызбен дүниеге келген

17.11.2017

«Сазгер» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы танымал композитор Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылығына арналды. Хабар барысында сазгер өзінің шығармашылығымен, әндерінің шығу тарихымен бөлісті

Кеште Төлеген Мұхамеджановтың халықтың тағдырына тікелей байланысты «Заман-ай» әнін Роза Рымбаева орындап, туындының шығу тарихына тоқталды.

«1989 жылы «Азия дауысы» байқауында ұлттық тақырыпта ән айту қажет болды. Төлеген мен Ұлықбек ағамыз екеуі «Заман-ай» әнін жазып, Тасқын мен Талғат өңдеу жасап, әнді орындап шықтым», - дейді әнші.

«Бала кезімде сол жарылыстарды көрдім. Басымыздан өткіздік. Сондықтан, бұл ән көз жасымызбен дүниеге келген. Әнімнің осындай деңгейде орындалуына Розаның алдында басымды иемін», - деді бағдарламаның бас кейіпкері.

Хабарламаларға жазылу